Accessibility links

Клинтон: АҚШ Ираннан одақтастарын қорғайтын болады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон егер Иран өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпаса, Құрама Штаттар бұл аймақтағы өзінің одақтастарын қорғауды күшейтетін болады деп мәлімдеді.

АҚШ пен оның одақтастары Иран ядролық қаруды дамытуды көздеуде дейді, Иран өзінің ядролық бағдарламасы бейбіт мақсатта екенін айтып, БҰҰ-ның ядролық жұмыстарды тоқтатуға шақырған талаптарын қабылдамай келеді.

Сәрсенбіде Тайландта сөйлеген Хиллари Клинтон Құрама Штаттар Теһранмен ядролық мәселесі бойынша келіссөз өткізу үшін есігін ашық ұстап отыр дей келе, бірақ ол ұсыныс ұзаққа созыла бермейді деді.
XS
SM
MD
LG