Accessibility links

Түркмен президенті хирургиялық қабілетін көрсетті


Ақпарат құралдары жазып жатқандай, Түркменстан президенті қатерлі ісік ауруын емдейтін емхананы ашып, бірінші операцияны өзі жасап көрсеткен.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедов мамандығы бойынша тіс дәрігері, бірақ сейсенбі күні операция үстелінде жатқан науқастың құлағының артындағы ісікті кесіп алып тастаған.

Операция кезінде оған жергілікті және германиялық дәрігерлер көмектесіп тұрған.

Бердімұхамедов сонымен қатар медициналық емдік шөптер жайында кітап шығарған. Қазір оны ресмилер денсаулық сақтау мамандарының жетекші анықтама кітабына айналдыруды ұсынып отыр.

Бердімұхамедовтің алдындағы басшы Сапармұрад Ниязовтың Рухнәма кітабын мектеп бағдарламасына енгізіп, барлық түркменнің оны білуі міндеттелген болатын.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG