Accessibility links

Румыния президенті түркмен елінде газ жайлы сөйлесті


Бүгін Ашхабадта түркмен президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Румыния президенті Трайан Басескумен келіссөздер өткізді.

Румыния президентінің кеңсесі хабарлағандай, екі президент Румыния мен Түркменстан арасында энергетикалық әріптестікке жол ашатын келісімге қол қойды.

Румыния жетекшісінің бұл елге сапары Түркменстан сәуір айында өзінің дәстүрлі әріптесі Ресеймен байланыстыратын құбыржолында жарылыс болған соң, газ тасымалын Иран және Қытаймен түрлендіру жолдарын қарастырып жатқан тұста болып отыр.

Румыния Еуропа Одағының Ресей газына тәуелділігін азайтатын Набукко құбыржолына қатысуда, бірақ дәл қазіргі уақытта газға зәру елдің бірі.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG