Accessibility links

Қырғызстанда президент сайлауы басталды


Бүгін Қырғызстанда президент сайлауы басталды. Елдегі ең жоғары лауазымға үміткерлер саны 6 адам. Тізімді қазіргі президент Құрманбек Бакиев пен бұрынғы үкімет басшысы Алмазбек Атамбаев бастап тұр. Одан кейін парламенттің бұрынғы депутаты, оппозиционер Темір Сариев, танымал дәрігер Жеңішбек Назаралиев тұр. Тағы бір үміткер кезінде елдегі ірі көмір кенішін өз бетімен басып алған Нұрлан Мотуев, ал тізімдегі жалғыз әйел Тоқтайым Үметәлиева ұзақ жылдардан бері үкіметтік емес ұйымды басқарып келді.

Қырғызстанның тарихында алғаш рет сайлау жұмыс күні өткізіліп отыр. Елдегі президент сайлауын 48 елден келген халықаралық бақылаушылар қадағаламақ, оның ішінде ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ-ның өкілдері де бар.

Қырғызстандағы президент сайлауының осы жылдың 23 шілдесінде өтетіні туралы ағымдағы жылдың 19-наурызы күні Қырғызстан парламентінің заңнама, мемлекеттік құрылым, заңдылық және адам құқықтары жөніндегі комитетінің төрағасы Зайнидин Курманов хабарлаған болатын.

Қырғызстанның қазіргі президенті Құрманбек Бакиев 2005 жылдың 10- шілдесінде Қырғызстан президенттігіне сайланған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG