Accessibility links

26 жастағы американдық «әл-Қаидаға» мәлімет берді деп айыпталды


АҚШ үкіметі 26 жастағы американдықты «әл-Қаидаға» Нью-Йорктегі қоғамдық көліктердің жүйесі туралы мәлімет берді деп айыптап отыр.

Тергеуге «Башир әл-Америки» және «Ибрахим» деген атпен белгілі Брайант Нил Винас мұнымен қоса Ауғанстандағы американдық әскерге қарсы жауынгерлік операцияларға қатысқаны үшін де айыпталуда.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, айыпталушы 2008 жылдың қараша айында тұтқындалған. Дәл сол айда федералдық тергеу бюросы қоғамдық көліктердің жүйесіне шабуыл жасау мақсатында террористік келісім жүргізілуі мүмкін екенін ескерткен.

Сот құжаттарында Винас пен тағы бірқатар адамдардың Құрама Штаттардың бірнеше тұрғынын өлтіруді жоспарлағаны айтылады.
XS
SM
MD
LG