Accessibility links

Жамбылдық дәрігерлердің заңсыз әрекеті мемлекетті 418 мың теңгеге шығынға ұшыратты


Жамбыл облысының дәрігерлері тегін дәрі-дәрмек алуға берілетін рецепті қайтыс болған адамдардың атына жазып қойған. Мұндай деректер азаматтардың денсаулығын сақтау туралы заңнаманың орындалу барысын тексеру кезінде анықталған, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ Тараз қалалық прокуратурасы У. деген азаматтың №4 қалалық алғашқы санитарлық көмек орталығы жазып берген рецептегі 13 800 теңге тұратын төрт қорап «Плавикс» дәрісін алмағанын анықтады. Облыстық онкологиялық диспансерде С. деген науқасқа жазылған бағасы 120 мың теңгелік «Фемара» дәрісі де алынбаған. Дәрігерлердің заңсыз әрекетінің салдары мемлекетке 418 мың теңге шығын әкелген.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG