Accessibility links

Тәжікстан орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінен айырмақ


Тәжікстан парламентінің қарауында жатқан «Тәжікстан Республикасының мемелекеттік тілі туралы» жаңа заң жобасы қабылданса, орыс тілі елдегі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесінен айырылады, — деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл заңға сәйкес, мемлекеттік билік органдары мен басқармалар, кәсіпорындар мен мекемелер ақпараттар мен құжаттарды тек қана мемлекеттік тілде, яғни тәжік тілінде алатын болады.

Тіл күні мерекесіне орай телеарнадан сөз сөйлеген ел президенті Эмомали Рахмон тіл заңын тезірек қабылдауға шақырып: «Ұлттың ұлылығын оның өкілдерінің өз туған тілін қаншалықты құрметтейтіндігінен білуге болады», — деді.

Оның айтуынша, жаңа заң жобасы мемлекеттік басқарудың жаңа заманғы талаптарын ескеріп, ұлттық сана-сезім мен тәжік халқының патриоттық сезімін арттыру мақсатында жасалған.

Жаңа заң жобасына сәйкес, Тәжікстанның әрбір азаматы мемлекеттік тілді білуге міндетті, сондай-ақ бұл заң тілді жеке қатынастарда қолдануды да реттейді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG