Accessibility links

Қырғызстандағы сайлауға дауыс берушілер саны 42 пайыздан асты


Жергілікті уақытпен сағат 12. 00-дегі мәлімет бойынша Қырғызстандағы президент сайлауына дауыс берушілер саны 42 пайыздан асты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелеріне 1 миллион 217 мың адам келген, бұл сайлаушылардың 42,6% -ын құрайды.

Қазіргі президент Құрманбек Бакиевтің туған жері Жалал-Абад облысының сайлаушылары белсенділік танытып, 57,79% дауыс беріп үлгерген.

Сайлауды өтті деп есептеу үшін сайлаушылардың 50% -дан астамы дауыс берулері тиіс.
XS
SM
MD
LG