Accessibility links

Алматыда Саяси шешімдер институты ашылды


Бүгін Қазақстанда Саяси шешімдер институты ашылды, — деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Институтты құруға қоғамдық саясат саласында түйткілді мәселелердің туындауы себеп болып отыр.

«Жүйелі саяси шешімдер жасау қоғам, билік және сарапшылар арасында жан-жақты диалогты қажет етеді. Институт негізінде түрлі форматты пікірсайыс алаңдарын жасау арқылы түйткілді сұрақтарды біржақты талқылаудан, өткір, кейде күрмеулі тақырыптарды ашып айтпаудан арыламыз», — дейді жаңадан ашылған институттың бас директоры Бақытжамал Бектұрғанова.

Журналистерге арналған баспасөз жиынында Саяси шешімдер институты өзінің алғашқы ауқымды жобасы – «Орталық Азиядағы саяси режимдердің қайта қалыптасуы» атты сараптамалық зерттеуінің қортындысын ұсынды.

СШИ-нің талдау және қонсалтинг бөлімінің жетекшісі Рустам Бурнашевтің айтуынша, зерттеуді жүргізуге бүгін өткізіліп жатқан Қырғызстандағы президенті сайлауы себеп болды. Жалпы бұл оқиғаға байланысты Қырғызстандағы жағдайдың қалыптан тыс дамуын күтудің қажеті жоқ, алайда Қырғызстандағы саяси режимнің 2013 жылға қарай өзгеру мүмкіндігі бар.
XS
SM
MD
LG