Accessibility links

Байден Грузия президентімен, оппозициясымен кездеседі


АҚШ вице-президенті Джо Байден бұрынғы совет еліне Құрама Штаттардың қолдауын танытқан Грузияға сапарын бүгін аяқтайды.
Байден бейсенбі күні президент Михаил Саакашвилимен келіссөздер өткізеді.

Сонымен қатар парламентте сөз сөйлейді және ел оппозициясының жетекшілерімен кездеседі деп жоспарланған.

Сәрсенбі күні Байден Вашингтон Грузиямен бірге деген. Ол Грузияға Украинадан кейін келді. Киевтегі кездесулерінде де вице-президент Джо Байден Құрама Штаттар Ресеймен байланысын жақсартса да, Вашингтонның тәуелсіз Украинаға деген ұстанымы өзгермейді деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG