Accessibility links

Ресей Грузияның қарулануына жол бермейтінін айтты


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин бейсенбі күні айтқанында, 2008 жылғы тамыздағы Мәскеумен соғысынан кейін Грузияның қайта қарулануына жол бермеу үшін нақты шаралар қолға алынады деген.

Карасин сондай-ақ Грузияны жікшіл аймағы Оңтүстік Осетиямен шекарасында астыртын арандатушылық жанжалдар жасады деп айыптады.

Ресей сыртқы істер вице-министрінің бұл мәлімедемесі АҚШ вице-президенті Джо Байденнің Тбилисиге Вашингтонның қолдауын танытуға келген сапары тұсында айтылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG