Accessibility links

Қырғызстанның оппозициялық кандидаты сайлаудан шығып кетті


Қырғызстанда президенттік сайлауға түсіп жатқан ел оппозициясының кандидаты Алмазбек Атамбаев президенттікке жарыстан шығып кетті.

Бұрынғы премьер-министр Атамбаев сайлауда Құрманбек Бакиевтің басты қарсыласы болған, ол дауыс берулер барысында өте көп заңбұзушылықтар орын алып жатыр деп өзінің сайлаудан кандидатурасын алып тастады.

Оның алдында Атамбаевтың өкілі полиция Балықшы қаласында жиналған мың шақты адамды сойылмен ұрып, көзден жас ағызатын газ қолданып, аспанға оқ атып таратты деп хабарлаған.

Атамбаевтан кейін тағы бір кандидат Жеңісбек Назаралиев те сайлаудан шығып кетті деп хабарланып отыр.

Қырғызстандағы президенттік сайлауға барлығы 6 кандидат түскен еді. Соңғы мәліметтерге қарағанда, сайлауға дауыс берушілердің 60 пайызға жуығы қатысқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG