Accessibility links

Ауғанстанда американдық әскери қызметкер қаза тапты


Ауғанстанда «Талибан» әскерімен болған атыс кезінде АҚШ-тың әскери қызметкері опат болды, — деп хабарлайды Associated Press. Құрбан болған жауынгердің аты-жөні мен оқиғаның қалай болғаны туралы хабарланған жоқ.

Биылғы шілде айында Ауғанстанда 35 американдық әскер қаза болды. Шілдедегі құрбандар саны НАТО мен АҚШ-тың сегіз жылдан бергі ең ірі адам шығыны болып отыр.

Қазір Ауғанстанда 56 мың американдық жауынгерлер мен 41 мемлекеттің әскери күштері бар, АҚШ әкімшілігі жақында Ауғанстандағы әскер санын 68 мың адамға көбейту туралы шешім қабылдады.
XS
SM
MD
LG