Accessibility links

Жасарал Қуанышәлин: Шаңыраққа қатысты маңызды мәселелер ортаға салынбақ


Бүгін Алатау ауданының әкімшілігінде аудан әкімі Бағдат Мәнізоров пен Шаңырақ тұрғындарының өкілдері және қоғамдық ұйымдардың кездесуі болады.

Бұл туралы Азаттық тілшісіне мәлімет берген «Жаса Азаттық» бірлестігінің төрағасы Жасарал Қуанышәлиннің айтуынша, бұл жиында Шаңырақта болып жатқан соңғы оқиғаларға қатысты маңызды мәселелер талқыланбақшы.

Бұдан бұрын аудан әкімі Бағдат Мәнізоровтың үйлері бұзылған адамдардан, бейресми ұйымдар мен БАҚ өкілдерінен құралған комиссияның қиратылған үйлерді тексеруден өткізетінін айтқанын хабарлағанбыз.

Кеше, шілденің 23 -күні Алматы маңындағы Шаңырақ елдімекенінде жергілікті билік заңсыз салынған деп танылған кейбір үйлерді бұзып, тағы да 5 үй күресінге айналды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG