Accessibility links

Қазақстан елшілігі Қырғызстанда ұсталған азаматтармен кездескен жоқ


Қазақстан елшілігінің өкілдері Қырғызстанда террорлық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған қазақстандықтармен әлі күнге кездескен жоқ, — деп хабарлайды «Новости-Казахстан».

Бұрын хабарлағанымыздай, Қырғызстан арнаулы қызметінің өкілдері маусым айында бастаған арнаулы операцияларының нәтижесінде террорлық әрекеттерге қатысы бар 18 адамды ұстаған, олардың ішінде Қырғызстан, Өзбекстан мен Қазақстанның да азаматтары бар.

Тергеу мәліметтерінше, терроршылармен сыбайластығы үшін тұтқындалғандар жалған құжат жасаумен, оларға үй дайындау, топтастарын азық-түлік және көлікпен қамтамасыз ету сияқты жұмыстармен айналысқан.

Ұсталғандардың бесеуі шетелдік террорлық орталықтарда арнайы дайындықтан өтсе, кейбірі Ауғанстандағы шабуылдарға қатысқан.

Қазақстан елшілігі Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсталған қазақстандықтар туралы ақпарат беруді сұрап, хат жазғанымен әлі жауап берілген жоқ.

Әзірге ұсталған қазақстандықтардың нақты саны белгісіз, олардың біреуінің ғана аты-жөні мәлім, бірақ тергеу мүддесіне байланысты аталмай отыр.
XS
SM
MD
LG