Accessibility links

Қырғыз президенті сайлауда алда келеді


Қырғызстанның қазіргі президенті Құрманбек Бакиев сайлауда жеңіске жетіп отыр. Орталық сайлау комиссиясы дауыстардың жартысынан көбі саналып болған соң, Бакиев 88 пайыз дауыс жинады деп хабарлады.

Дауыс берулер бұрмаланды деп сайлаудан шығатынын мәлімдеген оппозициялық кандидат Алмазбек Атамбаев бар болғаны 7 пайыз дауыс жинаған.

Сайлау барысын бақылаған ЕҚЫҰ-ның бақылаушылары дауыс берулерге өз бағаларын жұма күні түстен кейін айтуы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG