Accessibility links

Олли Рен: Македонияның ЕуроОдаққа өту келіссөздері осы жылы басталуы мүмкін


Бүгін Еуропа Одағының кеңею жөніндегі комиссионері Македонияның осы жылы мүшелікке өту келіссөздерін бастау мүмкіндігі бар деді. Олли Рен бұл туралы Македония астанасында премьер-министр Никола Груевскиймен кездесуден кейін айтты.

Олли Реннің айтуынша, егер Македония барлық қажетті талаптарды қазан айына дейін орындап шықса, Еуропа Одағымен келіссөздер осы жылы басталуы мүмкін деді.

Македония ЕуроОдаққа қосылуға өтінішті 2005 жылы берген. Бірақ елде реформалар жүргізу артта қалып отырғанына байланысты, келіссөздер кейінге қалып келген.
XS
SM
MD
LG