Accessibility links

Human Rights Watch: Өзбек билігі белгілі ақынды азаптаған


Human Rights Watch адам құқын қорғау ұйымы Өзбекстан билігін 2007 жылы президентке тіл тигізгені үшін сотталған белгілі диссидент ақынды азаптады деп айыптады.

Нью-Йоркте орналасқан бұл ұйымның хабарлауынша, бес жыл түрме жазасын өтеп жатқан Юсуф Жумаевты оқшаулап ұстап, денесін күйдіріп, ұрып-соққан.

Human Rights Watch ұйымының Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Холли Картнер Өзбек билігінен Жумаевты босатуды сұрады және оны азаптаған адамдарды жауапқа тартуды сұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG