Accessibility links

Прокурор Рамазан Есіргеповке 6 жыл беруді сұрады


Бүгін Тараз қаласындағы № 2 сотта «Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есіргепов және тағы үш азаматқа қатысты соттың кезекті отырысы болып өтті.

Жұма күні қылмыстық істе қарап жатқан судья Азамат Тілепов тараптарға сөз берді. Прокурорлар сот төрағасынан айыпталушыларды кінәлі деп, төрт азаматтың әрқайсына әртүрлі жаза мерзімін сұрады деп хабарлады Азаттық радиосына жұма күні кәсіпкер Сұлтан Махмадовтың адвокаты Мұсатай Бектасов.

Оның айтуынша, «БМ» компанисының директоры Сұлтан Махмадовқа 10 жыл, полицияға қарумен қарсылық көрсеткен дегенді қосып, күзетші Ерлан Сандыбаевқа 11 жыл сұрады. Сондай-ақ, прокурорлар журналист Рамазан Есергеповті 6 жылға соттауды өтінді. Айыптаушылар күзетші Владимир Синявскийге 3 жыл жаза өтеу мерзімін ұсынып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG