Accessibility links

Доңыз тұмауы әлемге кең тарай бастады


Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының айтуынша, доңыз тұмауы деп аталып кеткен H1N1 вирусы әлемнің 160 елінде тіркеліп, жұқпалы дерттен көз жұмғандар саны 800-ге жетті.

Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы бұл дерт қысқы мезгілде қатты ушығып кетуі мүмкін деп ескертіп отыр. Бірнеше айдан кейін бұл вирусқа қарсы жаңа вакцина дайын болады деп күтіліп отыр.

БҰҰ-ның агенттігі 1-ші маусымнан бастап H1N1 вирусын пандемия деп жариялады. Соңғы аптада доңыз тұмауы өте қатты қарқынмен көбейіп жатыр.
XS
SM
MD
LG