Accessibility links

Ослода шешен үкіметінің өкілі жікшілдер жетекшісімен кездесті


Шешенстан аймақтық парламентінің басшысы Дукуваха Абдурахманов пен шешен жікшілдерінің өкілі Ахмед Закаев
Ослода кездесіп, құпия келіссөздер жасаған.

Олардың кездесуін ұйымдастырған Шешенстан бейбіт форумының директоры Ивар Амундсен келесі келіссөздер тағы бірақ адамның қатысуымен Лондонда өтетін болады деп айтты.

Ресей Лондонда тұратын Закаевты экстрадициялауды сұрап келеді. Мәскеу Закаевты 1994-200 жылдардағы шешен жікшілдерінің Мәскеуге қарсы соғысы үшін айыптайды. Бірақ Британия Закаевты беруден бас тартты.

Шешенстанның мәскеушіл президенті Рамзан Қадыров осы айдың басында Закаевтың елге оралғанын қош қөретінін, тіпті оған жұмыс беруге дайын екенін айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG