Accessibility links

Иранда ұшақ апатынан 9 қазақ азаматы қаза тапты


Иранның солтүстік-шығысында орын алған ұшақ апатынан 16 адам қаза тапты, олардың үшеуі - жолаушылар, қалғандары экипаж мүшелері. Жұма күні Машад әуежайында апатқа ұшыраған ұшақты Иран әуе компаниясы Қазақстаннан жалға алған болатын. Қаза болған экипаж мүшелерінің тоғызы Қазақстан азаматтары деп хабарланып отыр.

Теһраннан Иранға аттанған ұшақтың ішінде 153 адам болған еді.

Шілденің 15-де Иранда тағы бір ұшақ апаты орын алып, 168 адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG