Accessibility links

Ирақ күрдтері сайлауға қатысуда


Ирақ күрдтері өздерінің жартылай автономиялық аймағында жаңа парламент пен президентті сайлауда. Елдің солтүстігіндегі Ирбил, Дахук және Сулаймания өлкелеріндегі сайлауларда шамамен 2,5 миллион адам дауыс беруге құқылы.

Президент Масуд Барзани қайта сайланады деп күтілуде. Ал парламент сайлауында Күрдтердің демократиялық партиясы мен Күрдістан патриоттық одағынан құрылған коалиция жеңеді деп болжам жасалып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG