Accessibility links

Обама мен Браун Ауғанстан мәселесін талқылады


Британия премьер-министрі Гордон Браун мен АҚШ президенті Барак Обама НАТО одақтастарын Ауғанстандағы күрделі әскери операцияларға көмектесуге шақырды. Обама мен Браун жұма күні телефон арқылы сөйлесіп, Ауғанстандағы жағдайды талқылады деп хабарланып отыр.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінен Талибан бүлікшілерін шығару мақсатында жүргізіліп жатқан операцияларда Британия мен АҚШ-тың көптеген сарбаздары қаза болуда. Шілде айының өзінде ғана 19 ағылшын жауынгері қаза тапты.
XS
SM
MD
LG