Accessibility links

Жанкештілер Ауғанстанда шабуылдар ұйымдастырды


Ауған ресмилерінің айтуынша, елдің шығысындағы Хост қаласында жанкештілер үкімет ғимараттарына шабуылдаған. Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Земери Башаридің атап көрсетуінше, шабуылдаушылардың барлығы өлтірілген. Бірақ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бір жанкешті аман қалған болуы мүмкін. Сонымен қатар шабуылдар барысында 11 қарапайым азамат пен 3 полиция қызметкері жарақат алды. Бұл оқиғада үкімет күштері зардап шекпеді деп хабарланып отыр.

Тамыздың 20-да Ауғанстанда президент сайлауы өтеді. АҚШ-тың аймақтағы өкілі Ричард Холбрук соғыс кезінде сайлау өткізу өте күрделі болмақ деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG