Accessibility links

Ирақ күрдтерінің сайлауында оппозиция жеңіске жеткенін мәлімдеді


Ирақ күрдтерінің парламенттік сайлауларына түскен жаңа оппозициялық партия сенбі күнгі дауыс берулерде маңызды дауыстарға қол жеткізгендерін мәлімдеп отыр. Сайлаудың ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ бірақ Өзгеріс тізімі партиясы аймақтың екінші ірі қаласы Сулайманияда дауыстардың басым көпшілігіне ие болғанын хабарлады. Бұл қалада негізінен Ирақ президенті Жалал Талабанидің Күрдістан патриоттық одағы билікте болған.

Сайлауда сондай-ақ аталған партия мен Күрдістан демократиялық партиясы парламенттегі көптеген орынға қол жеткізген көрінеді.
XS
SM
MD
LG