Accessibility links

Қытайда интернет пайдаланушыларының саны 338 миллионнан асты


Қытайдағы интернет пайдаланушыларының саны АҚШ халқының жалпы санынан асып кетті. Маусым айының соңында Қытайдағы интернет пайдаланушыларының саны 338 миллионнан асты. Қытай ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, елде интернетті пайдаланатын адамдардың саны осы жылдың алғашқы 6 айында 40 миллионға жоғарылаған. Ресми Бейжің бұған байланысты алаңдаушылық танытып отыр себебі билік орындары елде әлеуметтік толқулар болуы мүмкін деп қауіптенеді.

Осы айдың басында елдің солтүстік-батысындағы Шыңжаң аймағында орын алған толқулардан кейін Қытай билігі көптеген жерлерде интернет байланысын үзіп тастады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG