Accessibility links

АҚШ өкілінің Таяу Шығысқа сапары жалғасуда


АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Джордж Митчелл аймақта бейбітшілікті орнату әрекеттеріне байланысты Сирияны толық ынтымақтасуға шақырды. Дамаскіде Сирия президенті Башар әл-Ассадпен кездесуінен кейін Митчелл Сирия мен Израиль арасындағы бейбітшілік келіссөздері таяу арада басталуы тиіс деп атап көрсетті. Митчелл Израилге аттанды.

Алдағы аптада Таяу Шығысқа АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс пен Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джэймс Джонс сапармен барады.
XS
SM
MD
LG