Accessibility links

Қазақстанға миссионерлік жұмыспен келген әйелден доңыз тұмауы анықталды


Дюссельдорфтан Астанаға «Дюссельдорф-Киев-Астана» бағытымен 26-шілде күні ұшып келген әйелден A/H1N1 диагнозы анықталды, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Әуежайда доңыз тұмауымен ауырды деп күдіктелген әйелді мемлекеттік эпидемиялық бақылау мекемесі тексеріп, оған A/H1N1 диагнозын қойған. Германияның азаматшасы Қазақстанға миссионерлік жұмыспен 12 баланы бастап келген. Қазір әйел мен балалар дәрігерлердің бақылауында.

Бұл Қазақстанда тіркелген жетінші жағдай болып отыр. Бұған дейін Лондоннан оралған оқушылардың доңыз тұмауымен емделіп жатқанын хабарлағанбыз. Доңыз тұмауының пайда болуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігінен Астана қалалық денсаулық сақтау департаментіне 3,9 миллион теңге (26 мың доллар) қаражат бөлініп, арнайы штаб құрылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG