Accessibility links

Солтүстік Корея ядролық мәселе жөніндегі келіссөздерге дайын


Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Елдің Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде Пхеньянның бұл мәселе төңірегіндегі шуды азайтқысы келетіндігі, сондай-ақ келіссөздердің бұрынғы пішінінің ескіргендігі және қазіргі жағдайда пайдаланылмайтындығы айтылған, бірақ жаңа форматтың қандай болмағы анық көрсетілмеген.

Қазіргі Солтүстік Корея мәселесі жөніндегі халықаралық келіссөздер форматы екі Кореяның және АҚШ, Жапония, Қытай мен Ресейдің қатысуымен өтетін алты жақты кездесуге негізделген.

2009 жылдың мамыр айында Солтүстік Корея өз тарихында екінші мәрте ядролық жерасты сынақтарын өткізді, ал шілде айында кореялық әскерилер кіші радиусты бірнеше зымыран ұшырды. Әлемдік қауымдастық олардың бұл әрекетін қатал сынға алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG