Accessibility links

Талғат Ластаев: Апатқа ұшыраған ұшақтың жауапкершілігі Иранға жүктеледі


Мешхед қаласының әуежайында апатқа ұшыраған Ил-62М жолаушылар ұшағы келісім бойынша жалға берілген, келісімге сәйкес, Иран жағы ұшақтың қауіпсіздігінің жауапкершілігін өз мойнына алады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитеті бастығының орынбасары Талғат Ластаевтың айтуынша, апат салдарын зерттеу жөніндегі комиссияның құрамына аталған комитеттің маманы да қатысады. Ұшақ апатының салдары 10-тамызға қарай белгілі болуы тиіс.

24-шілде күні Теһраннан Иранға аттанған №1525 рейсті Aria Airlines авиакомпаниясы ұшағының ішінде 153 адам болған. Иран БАҚ-ның хабарлауынша, қаза тапқан 16 азаматтың бесеуі қазақстандық.
XS
SM
MD
LG