Accessibility links

Жақсылық Досқалиев: A/H1N1 тұмауымен сырқаттанғандар саны 13 –ке жетті


Қазақстанда A/H1N1 тұмауымен сырқаттанғандар саны 13 –ке жетті, бірақ олардың науқастары жеңіл түрде, бұл Ұлыбритания мен Германиядан келген инфекция, — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.

Бұдан бұрын доңыз тұмауына жеті адамның шалдыққанын хабарлағанбыз.

Қазақстанда A/H1N1 диангозы алғаш рет Лондоннан оралған алты оқушыдан анықталған болатын. Ал жетінші сырқат Дюссельдорфтан Астанаға миссионерлік мақсатпен келген Германия азаматшасы болды.

Доңыз тұмауының пайда болуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігінен Астана қалалық денсаулық сақтау департаментіне 3,9 миллион теңге (26 мың доллар) қаражат бөлініп, арнайы штаб құрылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG