Accessibility links

Алматыда бұрын сотталған жалған полицей ұсталды


Алматыда жол полициясының киімін киіп, көшедегі тәртіпті реттеп тұрған бұрын адам зорлағаны үшін сотталған Талғар ауданының 22 жастағы тұрғыны қолға түсті.

Жангелдин мен Иссыкская көшесінің қиылысында көліктерді тоқтатып, жүргізушілерді «жол ережесін бұзғандығына байланысты түсінісуге» Volkswagen Golf көлігіндегі өзінің сыбайласына жіберіп тұрған бұрынғы сотталушы сенбі күні қолға түскен.

«Патруль көлігін көрген бойда полиция киіміндегі жас жігіт көлігіне отырып, жасырынып қашпақ болды, бірақ оның әрекеті нәтижесіз болып, инспекторлардың қолына түсті, одан полицей хаттамасы ретінде пайдаланылған бланк қағаздары тәркіленді, бұл қағаздар мен советтік дәуірден қалған инспектор таяғы заттық айғақ ретінде қылмыстық іске қатыстырылады», — деді жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары подполковник Мұхтар Аманбеков.
XS
SM
MD
LG