Accessibility links

Пхеньян жаңа диалогқа дайын екенін мәлімдеді


Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламасы төңірегіндегі шиеленісті жағдайды жеңілдету үшін жаңа диалогқа ашық екенін мәлімдеді. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, қалыптасып отырған жағдайды талқылау үшін диалогтың нақты бір балама түрі бар. Алайда ресми Пхеньян Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей және АҚШ елдерінен құрылған алты жақты келіссөздерге оралмайтынын айқын етіп отыр.
XS
SM
MD
LG