Accessibility links

ЕуроОдақ Грузиядағы миссиясын кеңейтті


ЕуроОдақ елдері Грузиядағы бақылаушы миссиясын тағы бір жылға созуға келісті. Өткен жылдың тамыз айында Грузия мен Ресей арасында орын алған соғыстан кейін Еуропа Одағы 246 бақылаушысын Грузияға жіберген болатын. Еуроодақ сыртқы істер министрлері Ресей мен Грузияны барлық әскери күштерін соғыстан бұрынғы жерлеріне орналастыруға шақырды. Олар сондай-ақ Грузияның екі жікшіл аймағындағы билік орындарынан еуропалық бақылаушылардың осы аймақтарға баруына мүмкіндік беруін сұрады.

Өткен жылғы соғыстан кейін Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияны тәуелсіз мемлекеттер деп мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG