Accessibility links

Қырғыз оппозициясының жетекшісі Ресейге барды


Қырғызстандағы президент сайлауына түскен негізгі оппозициялық үміткер бейсенбі күнгі дауыс берулерге байланысты алаңдаушылықтарымен бөлісу үшін Мәскеуге барды. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі президент Құрманбек Бәкиев 76 пайыз дауыс жинап, екінші мерзімге сайланса, ал оппозиция жетекшісі Алмазбек Атамбаев 8 пайызға қол жеткізген. Атамбаевтың Мәскеуде кіммен кездесетіндігі жарияланбады. Оппозиция шілденің 23-і күнгі сайлаудың ресми қорытындысын мойындамай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG