Accessibility links

ҚР СІМ доңыз тұмауы бар елдерге сапар шегуден бас тартуды ұсынады


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Туризм министрлігі мен Туристік ассоциацияға туристік фирмалардың өкілдерін хабарландырып, азаматтарға А/H1N1 тұмауы тіркелген елдерге саяхаттаудан бас тартуды түсіндіру қажеттігі туралы ақпарат ұсынды, — деп хабарлайды баспасөз хатшысы Ілияс Омаров.

Сондай-ақ СІМ өзінің шетелдік ұйымдарындағы қызметкерлерге осы кезеңде өте сақ болып, арнайы профилактикалық шаралар қолдану және шетелдерде жүрген ел азаматтары мен студенттерге кеңес беру туралы хаттар жіберді.

Бұдан бұрын Қазақстанда A/H1N1 тұмауымен сырқаттанғандар саны 13 –ке жеткенін хабарлағанбыз. A/H1N1 диангозы алғаш рет Лондоннан оралған алты оқушыдан анықталған болатын.

Доңыз тұмауының пайда болуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігінен Астана қалалық денсаулық сақтау департаментіне 3,9 миллион теңге (26 мың доллар) қаражат бөлініп, арнайы штаб құрылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG