Accessibility links

АҚШ өкілі Израиль премьер-министрімен кездесті


АҚШ президенті Барак Обаманың Таяу Шығыс бойынша арнайы өкілі Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняхумен келіссөз өткізді. Израиль үкіметі баспасөз хатшысының хабарлауынша, Нетаняху Джордж Митчеллмен жеке кездескен. Келіссөздерде негізінен басып алынған Палестина жеріндегі Израиль қоныстары мәселесі талқылануға тиіс болатын.

Бұдан бұрын Вашингтон Израилден қоныстарын кеңейтуді тоқтатуын талап еткен бірақ Нетаняху бұл талапты орындаудан бас тартқан еді. Осыдан кейін екі одақтас елдің қарым-қатынастары шиеленісе түскен болатын.

Сейсенбі күнгі келіссөздерден кейін Митчелл мен Нетаняху алғабасушылық жасағандарын мәлімдеді бірақ нақты қандай мәселе туралы әңгімелескендерін айтпады.
XS
SM
MD
LG