Accessibility links

Ауғанстандағы жарылыстан 8 адам опат болды


Сейсенбі күні Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған бомба жарылысынан 8 қауіпсіздік күзетшісі қаза тапты. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бұл күзетшілер ауған қауіпсіздік компаниясында жұмыс істеген. Олардың көлігіне Хелманд өлкесінің Герешк ауданында шабуыл жасалған. Төрт күзетші жарақат алды деп хабарланып отыр.

Осыдан бір күн бұрын Британия Хелманд өлкесінде Талибанға қарсы ірі операцияның аяқталғанын жариялаған болатын.
XS
SM
MD
LG