Accessibility links

Гейтс: Иран диалогтан бас тартса, санкцияларға тап болады


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс егер Теһран өзінің даулы ядролық бағдарламасына байланысты Вашингтонның диалог өткізу ұсынысына жауап қайтара алмаса, қатаң санкцияларға тап болады деп ескертті. Гейтстың мәлімдеуінше, егер бұл үдеріс сәтсіз болса, АҚШ Иранға қарсы қосымша шектеулерді енгізуге дайындалады. Мұндай жағдайда Вашингтон халықаралық қауымдастықтан Теһранға байланысты қатаң ұстанымда болуын талап етеді деді Гейтс.

Бұдан бұрын БҰҰ Иранның ядролық бағдарламасын тоқтатудан бас тартуына байланысты оған қарсы бірқатар санкцияларды әзірлеген болатын.
XS
SM
MD
LG