Accessibility links

Иран оппозицияның өтінішін қабылдамады


Иран өткен айдағы президент сайлауына қатысты наразылық шараларында қаза болғандарға байланысты аза тұту шарасына мұрсат бермеді. Иран ішкі істер министрлігінің мәлімдеуінше, ешбір жеке тұлғалардың немесе саяси топтардың шерулеріне рұқсат берілмейді.

Оппозиция жетекшілері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Карруби Ішкі істер министрлігінен өткен айдағы шерулер барысында қаза тапқандарға қатысты аза тұту күнін өткізуге рұқсат беруін сұраған еді. Мусави мен Каррубидің айтуынша, аза тұту шарасында Құраннан сүрелер оқылып, оған қатысушылар құрбан болған азаматтарды үнсіз еске алады деп жоспарланған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG