Accessibility links

Нұрбах Рүстемов Қазақстанның Ирандағы елшісі болып тағайындалды


Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Нұрбах Рүстемов бұған дейін ҚР Парламенті мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

44 жастағы Нұрбах Рүстемов Алматы шетел тілдері институтын «ағылшын тілінің мұғалімі» мамандығы бойынша, Мәскеудегі Жоғарғы комсомол мектебін «қоғамдық-саяси жұмыстардың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұған қоса Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университет дипломатиялық академиясының «халықаралық қатынастар саласы» және Қазақстан-Ресей университетінің заңгерлік мамандығын игерген. Экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық психология және менеджмент академиясының корреспондент мүшесі.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG