Accessibility links

Жеміс Тұрмағамбетова: Мұхтар Жәкішев кодекске түсініктеме алуды қажетсінуде


Ақпарат-сараптамалық «Республика.kz» сайтының хабарлауынша, Халықаралық «Адам құқығын қорғау хартиясы» қоғамдық қорының директоры Жеміс Тұрмағамбетова Астанадағы ҰҚК –нің тергеу изоляторына барып, «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевпен және оның бұрынғы күзетшісі Талғат Қыстаубаевпен кездескен. .

Құқық қорғаушының журналистер сұрағына берген жауабына қарағанда, әйелінің Мұхтар Жәкішевке беріп жіберген басылымдары оған жетпеген көрінеді, бұл туралы Жеміс Тұрмағамбетова: «Время» газетінде оны ақпараттан оқшаулап отырғаны анық жазылған, ол жерде ешқандай газет жоқ», — деді.

Сондай-ақ Жеміс Тұрмағамбетова Мұхтар Жәкішевтің Қылмыстық-процессуальдық кодекске түсініктеме алуды қажетсініп отырғандығын айтты.
XS
SM
MD
LG