Accessibility links

Алматыда бас қосқан ҰҚШҰ сарапшылары жаттығу өткізу мәселесін талқыламақ


Бүгін Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ҰҚШҰ елдері әскери сарапшыларының шұғыл әрекет етуші ұжымдық күштермен бірлескен кешенді жаттығу өткізу мәселесі бойынша штабтық келіссөздері басталады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаттығудың өткізілу мерзімін, әскерлердің құрамы мен санын, сондай-ақ басқа да ұйымдастыру мәселелерін талқылау үшін Алматыға Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения және Тәжікстан елдерінің әскери сарапшылары жиналды.

Қазақстан жағына бұл жиында штаб басшылары комитеті төрағасының орынбасары, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев пен Қазақстан Қарулы күштерінің құрлықтағы әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Сәкен Жасұзақов жетекшілік етеді.

Әскери сарапшыларының жұмысына Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бірлескен штаб бастығының бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Олег Латыповтың да қатысуы жоспарланған.

Келіссөздер үш күнге созылады, жұмыс барысында сарапшылар биылғы жылдың 19-тамызы мен 24-қазаны аралығында жаттығу өтетін Гвардейский оқу орталығының «Мәтібұлақ» полигонына бармақ. Жиын қорытындысы бойынша, бірлескен хаттамаға қол қойылады.
XS
SM
MD
LG