Accessibility links

Орал өзенінде экспедиция басталады


Бүгін Орал өзенінде XIII Ресей-Қазақстан экспедициясы басталады. Орал өзені бассейніндегі экожүйенің сақталуы мәселесіне арналған бұл шара 4-тамызға дейін жалғасады.

Жалпы ұзындығы 114 шақырымды құрайтын су жолымен өтетін экспедиция жұмысына 40 адам қатысады. Акцияның қорытындысы бойынша екі елдің аймақаралық ынтымақтастығына арналған VI форумға қатысу үшін Орынборға баратын Қазақстан және Ресей президенттеріне өзенді құтқару жұмыстары жөнінде үндеу жарияланбақ.
XS
SM
MD
LG