Accessibility links

Қырғыз оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамайды


Қырғыз оппозициясы 23 шілде күні болып өткен президент сайлауынның ресми қорытындысына қарсы наразылық шарасын өткізбекші. Дауысқа түскен үміткерлердің бірі әрі Біріккен халық қозғалысының көсемі Алмазбек Атамбаев жол берілген жаппай заңсыздықтардың салдарынан сайлаудың заңсыз өткенін мәлімдеді. Ол өзінің саяси үзеңгілестері мен барлық азаматты наразылық митингілеріне шығуға шақырды.
Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, 77 пайыздан артық дауыс алған қазіргі президент Құрманбек Бәкиев жеңіске жетті. Ресми биліктің мәлімдеуінше, 8 пайыздан сәл артық дауыс алған Атамбаев мәреге екінші болып жетті.
XS
SM
MD
LG