Accessibility links

Пентагон: Ирақтағы қауіпсіздік халі жақсарды


АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс соңғы 3 жылда Ирақтағы қауіпсіздік ахуалының «таң қаларлықтай жақсарғанын» мәлімдеді.
Алдын-ала жарияланбаған сапармен Ираққа келген Пентагонның басшысы елдің оңтүстігінде орналасқан Ат-Таллил базасында АҚШ әскерилерімен кездесті. Одан соң Бағдадта Ирақтың премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен және қорғаныс министрі Андиль-Қадыр Джассиммен келіссөз жүргізді.
Сәрсенбі күні Гейтс Ирақтағы Күрдістан автономиясына баруға тиіс.
Өткен сейсенбіде Бағдадтың шығысындағы жарылыстан 8 адам қаза тапты.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG