Accessibility links

Р.Гейтс Ираққа сапарын Күрдістанда аяқтады


АҚШ-тың қорғаныс министрі Роберт Гейтс Ираққа алдын-ала жарияламай келген сапарын елдің солтүстігіндегі Күрдістан автономиялық ауданына барумен аяқтады. Ол автономия президенті Масуд Барзанимен жүздесіп, Ирақтың қауіпсіздік сынды өзекті проблемаларын саралады.
Ирақтың күрдтері осы аймақтың табиғи байлықтарын қадағалау мәселесі бойынша Бағдадтағы орталық биліпен дауласып келеді.
Күрдістанға дейін Гейтс Ирақтың оңтүстігіндегі Ат-Таллил базасында АҚШ әскерилерімен кездесіп, Бағдадта Ирақтың премьер-министрі Нұри Әл-Мәликимен және қорғаныс министрі Андиль-Қадыр Джассиммен келіссөз жүргізді.
XS
SM
MD
LG