Accessibility links

Би-Би-Си: Ирақта ұрланған 4 ағылшын мерт болды


Осыдан 2 жыл бұрын Ирақта тұтқынға түскен 5 ағылшынның төртеуі қаза тапқанға ұқсайды. Би-Би-Си телеарнасы осылай деп хабарлайды.
Корпорация беймәлім «Исламдық шийт қарсылығы» тобымен келіссөз жүргізіп келген Англияның сыртқы министрлігін сілтеп көрсетті.
2007 жылдың мамырында Ирақтың қаржы министрлігінен қарулы топ ұрлап әкеткен 5 ағылшынның екеуінің мәйіті осы жылдың маусымында аңғарылды. Ал енді ағылшын үкіметі тағы екеуінің қазасы туралы жеткілікті мәлімет алды.
Бесеуінің ішінен Питер Мур есімді компьютер маманының ғана аман қалды деген жорамал бар. Наурызда кісі ұрлаушылар ол туралы бейнесюжетті көрсетті.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG