Accessibility links

Шыңжаңда 10 мыңдай адам хабарсыз жоғалды


Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жуырда болып өткен ұлтаралық қақтығыстың салдарынан кейін 10 мыңға адам хабар-ошарсыз жоғалды. Дүниежүзілік ұйғыр конгресінің көсемі Рабия Қадыр осылай деп мәлімдейді.
Сәрсенбі күні Жапонияға келген сапары кезінде Рабия, оның өз пікірі бойынша, АҚШ-тың Щыңжаңдағы жанжалға онша қатаң наразылық білдірмеуіне көңілі қалғанын айтты. Ресми Бейжің Рабия Қадырды Шыңжаңдағы ұлтаралық жанжалды ұйымдастырды деп айыптады. Рабия оны теріске шығарды.
Ресми мәлімет бойынша, ұлтаралық жанжалда 200-ге тарта адам қаза болып, 1600-ден астам кісі жараланды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG